Израиль әскерінің қолынан құрбан болғандар саны 28 мыңнан асты
Газа секторында Израильдің әуе соққысынан 117 палестиналық қаза тауып, тағы 152 адам жараланды.
Бұл туралы аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген. Өткен жылдың қазанынан бері Израиль әскерінің қолынан құрбан болғандар қатары 28 мыңнан асты. 68 мыңға жуық палестиналық жарақат алған. Ал Израиль тарапынан 1400-дей тұрғын ажал құшқан. Өткен аптада ЦАХАЛ мен ХАМАС 30 күндік бейбіт бітімге келгендей болып еді. Бірақ ол әлі күшіне енген жоқ.
Ақпан айының аяғына қарай палестина халқы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық көмегінсіз қалуы мүмкін. Өйткені Израиль билігі халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы өкілдігінің 12 қызметкерін ХАМАС-тың сыбайласы деп айыптап, осыған сенген донор-елдер қаржы беруді тоқтатқан.