БҰҰ: Әлемде 258 млн адам аштыққа ұшыраған

Әлемнің 58 елінде қарулы қақтығыстар мен климаттың өзгеруінен туындаған экологиялық апат салдарынан гуманитарлық дағдарысқа ұшырағандардың қатары артып келеді.

БҰҰ-ның Аштықпен күрес жөніндегі халықаралық қауымдастығының өкілі жер бетінде аштықтың зардабын тартып отырған 258 млн адам бар дейді. Аймаққа шұғыл түрде азық-түзік жеткізілмесе, адамдардың жағдайы одан бетер нашарлап, аштықтан қырылу қаупі төніп тұр.

Бет Бечдол, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары:

"Газа халқына аштық қаупі төніп тұр. Өйткені азық-түлік жетіспеушілігі қатты байқалады. Бар-жоғы 2,2 млн тұрғыны бар тұтас аймақта апатты жағдай қалыптасқан".

Судан

Судандағы жағдай да алаңдатарлық. Өйткені қарулы қақтығыстан 6,3 миллион тұрғын қонысын тастап кетуге мәжбүр болған. Оның 19 пайызы көрші елдерден пана іздеп жүр. Тағы миллиондаған адам аштықтың зардабын тартып жатыр. Халықаралық ұйым биыл осы аймақта 43 млн адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ол үшін 1,8 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлу қажет, дейді ұйым өкілдері.

Бет Бечдол, Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары:

"Суданда 18 миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығының зардабын тартып отыр. Қаншама адам қақтығыстың кесірінен қаза тапты. Сондықтан біз көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуіміз керек".