Иордан өзенінің батыс жағалауын да аштық жайлады

Аштық Газа секторын ғана емес, сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауындағы халықты да қыспаққа алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша аталған аймақта бір тілім нанға мұқтаж палестиналықтар саны 350 мың адамнан 600 мыңға жеткен. Бұл – жергілікті халықтың 10%-і. Мамандар: «Ашқұрсақ адамдар қатары алдағы айларда еселеп артады», - дейді. Палестиналықтар қарулы қақтығыс басталғалы басқа жаққа мүлде шыға алмай, оқшауланып қалды.