Алтайда қыс қаһарына мінді
Қытайдың Алтай уезінде қыс қаһарына мінді.
Омбы қар жолдарды басып, 500-ден астам көлік пен 2 мыңнан көп турист далада қалған. Таулы аймақта қар көшкіні жүрген. Билік табиғи апаттан зардап шеккен аумаққа ауыр техника жіберді. Метеорологтар туристер мен тұрғындарға жолға шықпауды ескертті. Өйткені алдағы апта бойы тағы қалың қар түсуі мүмкін.