Тамақ қалдығы ауаны ластайды

Тамақ қалдығы ауаны ластайды

Тағам қалдықтары ауаға көмірқышқыл газынан да 20 есе күшті парниктік газ, метан бөліп шығарады.

Әсіресе ет өнімдері. Әлемде жыл сайын  52 миллион тонна ет қоқысқа тасталады. Әсіресе Австралияда. Жыл сайын бұл елде 123 тонна қой, сиыр, доңыз және тауық еті ысырап болады. Food Innovation Australia Limited (FIAL) дерегі бойынша, бұл экономикаға 36,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын әкеледі. АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Африка, Бразилия елдерінде де жағдай осылай. Австралия ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары осынша еттің қоқысқа тасталу себебін былай түсіндіреді:

ЦИТАТА

Жануар еті тез бұзылады. Сондықтан оны тасымалдау кезінде, өзінің қалыпты температурасын сақтамаса шіріп кетеді. Мейрамханалар мен дүкендердің қабылдамауы содан. Әрі оған мал арасында тарайтын індеттер де әсер етеді.

Колин Макмиллан, Австралия ғылыми-зерттеу орталығының маманы:

- Өнеркәсібі дамыған елдерде тағам қалдықтарының құны 700 млрд долларға жетіп жығылса, дамушы елдерде бұл көрсеткіш 300 млрд доллар. Бүкіл әлемдік банктің болжамы бойынша, табысы орташа елдерде тағам қалдығының мөлшері 2025 жылға қарай 50%-ға жетпек.

Әлемде жыл сайын 4 млрд.тонна астық өндіріледі. Оның 40 пайызы босқа ысырып болып жатыр. Мәселен, Былтыр Үндістанда 21 млн.тонна бидай дұрыс сақталмаудың әсерінен босқа шіріп кеткен. Британиялық ғалымдар келтірген статистикаға сүйенсек, жеміс-жидек пен көкөнөстің 40 пайызы өндірушіден тұтынушыға жетпей, жарты жолда қалып қояды. Бұл жеткізудің дұрыс жолға қойылмауы, жаман жолдар мен ауа райының қолайсыздығынан туындайды дейді, сарапшылар.

Цюй Дунъюй, Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының директоры :

- Азық-түлік саласындағы "сатып ал-пайдалан-лақтыр" деген қатып қалған қағидатты бұзу керек. Жаһандық агроөнеркәсіпте адамзат денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайы басты назарда тұруы тиіс.

Қазір әлемнің 58 мемлекетінде 260 млн-ға жуық адам тамаққа мұқтаж. Ғаламдық жылыну, экономикалық дағдарыстар, кешегі пандемия миллиондаған адамның қалыпты өмір сүру дағдысын бұзды. Ашаршылықтан көз ашпай келе жатқан Ауғанстан, Йемен, Нигерия, Сирия, Судан, Эфиопия елдерінде әскери қимылдардың жалғасқанына көп жыл болды. Салдарынан бейбіт тұрғындар бір орында тұрақтап кәсіп ете алмай, бас сауғалауға мәжбүр. Бір ғана мысал. Қазір адамзат Таяу Шығыстағы аштыққа куә болып отыр. Халық тіпті жануарлар жейтін жем-шөпті жеуге көшкен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, былтыр дүниежүзінде қарулы қақтығыс пен қуғын-сүргіннен босқынға айналғандар саны 100 млн асқан. Олардың жартысынан көбі азық-түлік тапшылығы жайлаған елдердің азаматтары.