Алексей Навальный қайтыс болды
Ресейдің саяси қайраткері Алексей Навальный колонияда қайтыс болды.
Бұл туралы Ямало-Ненецк автономиялық округі Федералдық қылмыстық атқару қызметінің басқармасы хабарлады. Серуеннен кейін Навальныйдың халі нашарлап, есінен танған. Медицина мамандары қазір өлімнің нақты себептерін анықтап жатыр. Еске сала кетсек, 2022 жылдың наурызында Ресей соты Навальныйға алаяқтық жасады деген айып тағып, 9 жылға соттаған еді. Саясаткер 47 жасында дүниеден озды.