Трамп сот алдында жауап береді

Трамп сот алдында жауап береді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты сот процесі 25 наурызда басталады.

Қорғаушылар істің қарауын кейінге қалдыруды сұраған. Өйткені мұның бәрі сайлауалды науқанына кері әсер ете ме деп қауіптенген. Бірақ Нью-Йорк соты бұл өтінішті қанағаттандырмады. Әңгіме қаржылық айла-шарғы жайлы. Айыптаушы тараптың айтуынша, саясаткер 2006 жылы порножұлдызбен қарым-қатынаста болған. 2016 жылғы сайлау алдында Трамптың заңгерлері бұл туралы тіс жармауын талап етіп, оған 130 мың доллар берді деген күдік бар. Бірақ экс-президент мұны жоққа шығарып отыр. Бұдан бөлек Капитолийге жасалған шабуыл үкіметтің құпия құжаттарын сақтау және президент сайлауының нәтижесін бұрмалау бойынша да Трамптың үстінен іс қозғалды. Бірақ саясаткер бұған қарамастан биыл қарашада өтетін президент сайлауына республикашылдар партиясының атынан қатысуды көздеп отыр.