Индонезиялықтар ереуілге шықты
Индонезияда астанасы Джакартада президент сайлауының нәтижесімен келіспеген жұрт ереуіл ұйымдастырды.
Саяси науқан бірнеше күн бұрын өткен. Әзірге ресми түрде қорытындысы жарияланған жоқ. Тек наурызда ғана белгілі болады. Бірақ Қорғаныс министрі Прабово Субианто алдын ала есептеулерге сүйеніп, өзінің жеңіске жеткенін айтты. Ол сайлаушылардың 58% дауысын жинағанын мәлімдеді. Бірақ жұрт сайлау қорытындысы бұрмаланғанын алға тартып, мұнымен келіспей отыр. Олар саясаткер бұған дейін адам құқықтарын бұзып, демократияға қайшы әрекет етті деп санайды.