Рафах гуманитарлық апат алдында тұр
Рафахта әскери операция басталса, мұның соңы гуманитарлық апатқа әкеледі.
Франция президенті осылай деп отыр. Эммануэль Макрон тиісті мәлімдемені Иордания королімен кездесуі кезінде айтты. Париждегі басқосуда тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылаған.
Айта кеткен жөн, Израиль билігі Газа секторындағы Рафах қаласында әскери операция бастауға ниетті екенін жария етті. Бірнеше күн бұрын мұндағы нысандар атқыланды. Шаһар Египет шекарасына жақын орналасқан. Жергілікті уақытша орталықтарды бір миллион 300 мың босқын паналап жүр. Газа секторына жөнелтілген гуманитарлық көмек те осы мекен арқылы өтеді. Сондықтан халықаралық қауымдастық оқ атуды тоқтатуды талап етіп отыр.