Францияда теміржолшылар ереуіл ұйымдастырды
Францияда тағы да теміржол қызметкерлері ереуіл ұйымдастырды.
Пойыздағы бақылаушылар артық жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуді және зейнетке шыққанда жеңілдіктер жасауды сұрап отыр.
Былтыр желтоқсанда да осындай наразылық акциясы өткен. Алайда ол кезде талап орындалмады. Енді 10 мың қызметкердің 70%-і бірнеше күн бойы жұмыс орнына оралмаймыз деп отыр. Демек пойыздардың қозғалысында іркіліс болуы ықтимал.