Кореяда дәрігерлер жұмыстан өз еркімен шығып жатыр
Оңтүстік Кореяда 400-ден астам емдеу мекемесі тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.
Өйткені елде медицина қызметкері тапшы. Бұл туралы премьер-министр Хан Доксу мәлімдеді. Оның сөзінше, ауруханаларда әсіресе ауыр халдегі науқастар мен шұғыл көмекке зәру емделушілерге басымдық беріледі. Қажеттілік болса әскери дәрігерлер де көмекке жұмылдырылады дейді. Билік мамандар тапшылығын Сеулдегі мыңдаған медицина қызметкерінің шеруге шығып, жұмыстан өз еркімен кетуімен байланыстырады. Шерушілер үкіметтен жалақысын көтеруді талап еткен. Айта кетейік, бүгінге дейін 23 емдеу мекемесінен 700-ден астам дәрігер өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген.