АҚШ-та жиырма көлік бір мезетте соқтығысып қалды

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол апаты болып, 20 автокөлік соқтығысты.

Оның үшеуі жолаушылар мінген автобус. Алтауы жүк көлігі. Тағы 11-і жеңіл көлік. Оқыс оқиға, жолдағы қалың тұман салдарынан болған. Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 22 адам жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір аймақта көлік қозғалысы тоқтатылды.