Фукусимадағы АЭС-тен мұхитқа су төгудің төртінші кезеңі басталады

Жапония Фукусима атом электр станциясында жиналған суды мұхитқа төгудің төртінші кезеңін бастамақ.

Бұл туралы апатты станцияның операторы хабарлады. Компания өкілдерінің мәліметі бойынша 17 күн ішінде Тынық мұхитына шамамен 7 мың 800 тонна тазартылған су төгіледі. Осылайша техноген апат орнаған электр станциясынан 4 кезең ішінде 31 мың тонна су ағызылмақ.