Бразилияның батысын су басты
20 мыңнан астам халқы бар Бразилия қаласы сырт әлемнен оқшауланып қалды.
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан аймақтағы Акре өзені тасыған. Билік штат аумағындағы 22 қаланың 17-сінде төтенше жағдай жариялады. 11 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылып, 1800-ге жуық отбасы қауіпсіз жаққа көшірілген.
Фернанда Хассем, Бразилия мэрі:
"Бразилия қаласына құрлық арқылы техника келе алмайды. Жағдай өте қиын. Бірақ біз тұрғындарды керек-жарақпен дер кезінде қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз".
Лай көшкіні теміржолды басып қалды
Жауын-шашын көршілес Перу тұрғындарын әбігерге салды. Лай көшкіні жүріп, маңызды теміржол желісін басып қалған. Билік 2 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін, тағы 17 тұрғынның жарақат алғанын хабарлады. Үкімет 17 аймақтағы 100 ауданда төтенше жағдай жариялаған.
Элвис де ла Торре, Мачу-Пикчу мэрі:
"Лай көшкіні 1 шақырым аумақты басып қалды. Енді оны аршу біздің штат бюджетіне үлкен салмақ болмақ. Жаңбыр әлі жауып жатыр. Бәрімізге қиын болды."