Еуропарламент табиғат туралы заң қабылдады
Еуропалық парламент табиғатты сақтау және қайта қалпына келтіру туралы заңға қол қойды.
Мамандар бұл өте қажет құжат дейді. Өйткені «кәрі құрлық» жерінің 80 проценті құнарынан айырылған. Енді жаңа заңның аясында шымтезекті нәрлендірсе, көміртегі қалдығы азайып, климаттың өзгеруін тежеуге болады дейді сарапшылар. 2030 жылға қарай Еуроодақ аумағының 20 процентін, ал 2050 жылға дейін тұтас экожүйені қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Еуропарламент қабылдаған заңды енді әр мүше-мемлекет мақұлдауы тиіс. Сонда ғана ол кәрі құрлық аумағында толық күшіне енеді.