Қытайда қойлар клондалды
Қытай қойды клондады, деп хабарлайды 24KZ.
Тәжірибе эмбрионалды инженерия технологиясы арқылы жасалған. Ғалымдар бұл тәсілді асыл тұқымды Шопан ата тұқымына қолданды.
Олар ғылыми жолмен ұсақ малдың генетикасын бұзбай көбейтуді көздеп отыр.
Бірегей тәжірибе Қытайдың Цинхай провинициясында жүргізілді. Ғалымдар донор ретінде Тибеттің асыл тұқымды қойларын таңдаған. Клондау сәтті жүргізіліп, 2 қозы алынды. Жобаны жүзеге асыруға 3 қошқар және 1 саулықтың жасушасы пайдаланылды.
Су Цзяньмин, клондау бағдарламасының ғылыми жетекшісі:
- Ауыл және орман шаруашылығы солтүстік-батыс университетінің зерттеушілер тобы ұзақ уақыт еңбектенді. Клондалған қозылардың алғашқысының салмағы – 3,4 келі. Дене тұрқы дұрыс, ағзасы таза. Бұл жобаның ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор.
Зерттеу Қытайдың клондау бағдарламасы аясында жасалды. Жоба Тибет қойларының суыққа төзімділігін сақтап, мал басын көбейтуге бағытталған. Енді ғалымдар осы тәжірибені жабайы қодасқа жасап көруді көздеп отыр.
Су Цзяньмин, клондау бағдарламасының ғылыми жетекшісі:
- Клондау арқылы кез келген жануардың генетикасын тікелей көшіруге болады. Жойылып кету қаупі бар аңдар мен асыл тұқымды мал басын арттыра аламыз. Оған ғылыми-технологиялық әлеуетіміз жеткілікті.
Сарапшылар тың жаңалық ауыл шаруашылығы саласына үлкен серпіліс әкелетініне сенімді. Фермерлердің табысын бірнеше арттыруға болады. Ең бастысы, мұндай әдіс асыл тұқымды мал шаруашылығын өндірістік көлемде ұлғайтуға мүмкіндік береді, – дейді.
Авторы: Руслан Бақытбекұлы.