Боливияда тасқыннан 40 адам көз жұмды
Билік бірнеше облыста төтенше жағдай жариялады.
Амазония аймағында 500-ден астам отбасы қауіпсіз жаққа жеткізілді. Бразилиямен шегаралас өңірдегі Кобиха қаласында өзен тасып, екі ел арасындағы көпірді шайып кеткен. Тұрғындар қайықпен ғана жүре алады. Синоптиктер ақпан айында солтүстік өлкеде жауын-шашынның рекордты мөлшері түскенін айтады.