Австралияда орман өрті ырық бермей тұр
Австралияда бірнеше күннен бері орман өрті дес бермей тұр.
Тілсіз жау Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттарында мыңдаған гектар жасыл желекті күлге айналдырды. Табиғат апатына байланысты 30 мың тұрғын эвакуацияланды. Мектептер жабылып, тұрғындарға ұлттық парк аумағына баруға тыйым салынды.
Естеріңізде болса, 4 жыл бұрын ғана елдің дәл осы аймағы алапат орман өртінен қатты зардап шеккен еді. Сол кезде 1,5 миллион гектардан астам алқап күлге айналып, 33 адам көз жұмған болатын.