Әлемде 300 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж
Бұл жағдайға қарулы қақтығыстар, ауа райына қатысты төтенше жағдайлар мен экономикалық факторлар себеп.
БҰҰ-ның гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасы осындай деректерді келтіріп отыр. Әсіресе Африка, Азия, Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуал күрделі. Қазір әрбір бесінші бала шиеленістер ушығып тұрған аймақта өмір сүреді. Үй-жайын тастап босып кеткен жандардың саны 36 миллионнан асып кеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Басқарма өкілдері донор мемлекеттер мен ұйымдардан көмекке 57 миллиард доллар сұрап отыр. Өкінішітісі сол, кейінгі жылдары мекемеге бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай қысқарып, бюджет тапшылығы туындаған.