Еуроаймақта инфляция 2,6%-ке төмендеді
Еуроаймақта инфляция қарқыны баяулап, ақпан айында көрсеткіш 2,6%-ке дейін кеміді.
Оған жанармай бағасының күрт төмендеуі себеп. Өткен айда мұнай отынының құны 4%-ке төмендеген. Ал азық-түлік шығындары 1,5%-ке қысқарды, – дейді экономистер. Инфляцияның жоғары деңгейі Хорватияда тіркеліп отыр, онда баға жыл сайын 4,8%-ке өскен. Ал ең төменгі жылдық инфляция Латвияда. Небәрі 0,7%-ке артқан. Еуропалық орталық банк мәліметіне сүйенсек, Еуроаймақта инфляция деңгейі биыл 2%-тен жоғары болады, кейін біртіндеп төмендей түседі.