Калифорнияда қарлы дауыл соқты
Салдарынан электр желісіне зақым келіп, бірнеше үй жарықсыз қалған.
Қозғалыс қиындап, жүріс шектелген. Синоптиктердің мәліметінше, таулы аймақтарда шамамен 4 метр қалыңдықта ақ ұлпа түседі деп күтіліп отыр. Сьерра-Невада жотасының шыңдарында желдің екпіні сағатына 160 шақырымнан асады деген болжам бар. Мамандар қалың қардың көктемгі еру кезеңінде су тасқынына ұласуы мүмкін екенін ескертті.