Дубай көлге айналды
Дубайда толассыз жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты.
Ондаған үйлерді су басып, көшелер көлге айналды. Салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Әуежай уақытша жұмысын тоқтатты. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер онлайн режимге көшті. Қазір жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырып жатыр. Себебі нөсер алдағы бір тәулік бойы тоқтамайды деген болжам бар. Тіпті бұршақ жаууы да мүмкін.