Италияда босқындар лагерін жауып тастау талап етілді
Италиялық құқық қорғаушылар босқындар лагеріндегі жағдайды қатаң сынға алып, олардың жабылуын талап етіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, келімсектерге медициналық көмек те, психологиялық қолдау да көрсетілмейді. Сондықтан болар, мигранттар арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері артқан. Кейінгі бір аптаның өзінде 6 адам өмірмен қош айтысуға тырысқан. Айта өтейін, соңғы жылдары Италияға бет алған босқындар саны көбейіп жатыр. Былтырдың өзінде елге 157 мыңнан астам мигрант барған. Бұл кейінгі 8 жылдағы рекордтық көрсеткіш.