«Оскар-2024» сыйлығының иегерлері анықталды

«Оскар-2024» сыйлығының иегерлері анықталды

«Оскар-2024» сыйлығының иегерлері жария етілді.

«Оппенгеймер» тарихи драмасы ең көп марапатқа ие болды. Ол 7 аталым бойынша жеңіп шықты. Соның ішінде «Ең үздік фильм», «Ең үздік режиссер» аталымдары да бар. Осы киноға түскен Килиан Мёрфи «Ең үзік актер» деп танылды.

Ал «Ең үздік актриса» атағы Эмма Стоунға бұйырды. Былтыр ең көп табыс тапқан «Барби» фильмі 8 номинацияда бақ сынады. Бірақ тек бір сыйлыққа ғана ие болды. Ол – «Ең үздік ән» деген аталым.