Швеция туы НАТО кеңсесінде көтерілді
Жақында ғана НАТО-ға ресми қабылданған Швецияның туы әскери альянстың штаб-пәтерінде көтерілді.
Блоктың 32-мүшесін ұлықтау рәсіміне НАТО бас хатшысы мен швед билігі қатысқан. Естеріңізге сала кетейік, Стокгольм аляьнсқа кіруге, 2022 жылдың көктемінде Финляндиямен бірге өтінім тастаған еді. Бірақ шведтерге басында Түркия мен Венгрия қарсы болды. Анкара өзі лаңкестік деп таныған "Күрдістанның жұмысшылар партиясына" швед билігі болысады деп айыптаған еді.
Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:
"Швецияның досы әрі норвегиялық көршісі ретінде, олардың біздің маңызды миссияға қосылғанын ерекше мақтан тұтамын. Бүгін швед туын биікке көтердік. Осылайша біз жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге қорған болып, ортақ мұрат жолында біріктік. Бәріміз біріміз, біріміз бәріміз үшін!"