Таиландта Пілдер күні тойланып жатыр
Бүгін Таиландта Ұлттық мереке - Пілдер күні тойланып жатыр.
Осыған орай ежелгі АюттхАя қаласына 70-ке жуық үлкен жануар әкелінді. Оларды азықтандыру үшін еріктілер 10 тонна жеміс-жидек пен көкөніс жинаған. Жергілікті жабайы табиғатты және өсімдіктерді қорғау департаментінің мәліметі бойынша, Таиландтағы табиғи қорықтарда қазір 3800-ге тарта қолға үйретілген піл тіршілік етеді. Бүгінгі мереке алып жануарларға қамқорлық танытуға және оларды браконьерлерден қорғауға үндейді.
Иттипан Харуламай, іс-шараның бас менеджері:
- Бұл пілдер қолға үйретілген. Олар жабайы жануарлар сияқты табиғатта өз бетімен өмір сүре алмайды. Таза су ішуге тиіс. Олар адамдарға өте жақын. Бұл пілдерді туризмді дамыту үшін пайдаланамыз.