Мәскеудегі терактіден қаза тапқандар саны 115-ке жетті
Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза болғандар саны 115-ке жетті.
Бұған дейін терактіден 60 адам көз жұмғанын хабарлаған едік. Тағы 100-ден астамы жарақат алған. Дәрігерлер олардың көбі ауыр халде жатқанын айтады. Соңғы ақпарға қарағанда оқиғаға қатысы бар 11 күдікті ұсталған. Бұл туралы Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі мәлімдеді. Оның төртеуінің қылмысқа тікелей қатысы болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында лаңкестік әрекет болды. Қарулы топ ғимаратқа кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қызыл алаң жабылып, барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылған.