Ресейде қаралы күн жарияланды

Ресейде 24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Бұл туралы президент Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестікке қатысты жасаған мәлімдемесінде айтты. «Крокус Сити Холл»-да терактіні жүзеге асырғандар түгелдей ұсталғанын жеткізді. Сонымен қатар төтенше оқиғадан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілетінін айтты.