Испанияда суға талас басталды

Барселона тұрғындары өздері суға жарымай отырғанда сырттан келген турист суды оңды-солды шашуға жол бермейміз дейді.

Жалпы елде тұрғындарға күніне 200 литр ғана суды жаратуға рұқсат етілген. Ал бес жұлдызды қонақ үйлерде әлдеқайда көбірек. 242 литр су пайдалануға болады. Туризмнен түсетін табыстың 14,5 пайызы саяхатшылардан келетіндіктен Испания билігі елді жайлаған қуаңшылық туризмге әсер етпеуге тиіс дейді. Ал бұған қарапайым халық наразы. Қазір Испания қалаларында көрінген жердің бәріне, суды үнемдеңіз деген плакаттар жапсырылған.

Жозеп Сабате, тұрғын:

- Біздің қиналғанымыз туристерге әсер ете ме, жоқ па білмеймін. Өзгелер бұған түсіністік танытып, бей-жай қарамаса дейміз. Өйткені жағдай ушығып барады.

Бір ел турист жайын ойлап әлек, ал енді бірі туристің көптігінен шаршаған сыңайлы.

Хорватиядағы ежелгі әрі туристік мекен Дубровниктің қаңырап қалуы әбден мүмкін. Өйткені жергілікті тұрғындарының басым бөлігі көшіп кеткен. Мәселен, 1990 жылдары 5 мың тұрғын болса, қазір небәрі  1200 ғана адам қалған. Оған себеп пәтер мәселесі. Турист көп келетін болғандықтан, жалдамалы пәтер бағасы қымбат. Ал бұл халыққа тиімсіз.  Енді билік биыл кеткен халықты кері қайтармақшы. Сәуірден бастап Хорватия билігі тұрғын үйге қатысты заңға өзгеріс енгізіп, шаһарда жалға берілетін пәтерлерді қысқа мерзімге жалдауға тыйым салмақ. Бұл арқылы жалдамалы пәтерлердің сырттан келгендерге емес, жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етпек.

Игорь Гайдарходзич, тұрғын:

- Мен бұл бастаманы қолдаймын. Қала қаңырап бос тұр. Жерлестеріміздің оралғанын қалаймын. Қалада адам көп болса, тіршілік те жанданар еді.  

Бірақ жаңа ереже саяхатшылар мен пәтерін беріп, ақша тауып жүргендердің көңілінен шықпады.

Ведран Миович, кәсіпкер:

- Туристердің халықтың ортасында, жалдамалы пәтерде тұрғаны әлдеқайда жақсы. Жергілікті тұрғындармен араласып тарихи мекен туралы көбірек мәлімет алатын еді.  

Айта кетейін, Дубровник қаласы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде. Ал бұл ұйымның белгілі бір талап-міндеттеріне сай келуі үшін де жасалып отыр дейді, сарапшылар.

ЮНЕСКО-ның тағы бір мәдени мұрасы Франциядағы әйгілі Мон-Сен-МишЕль абаттығы аралға айналып барады. Іргетасы 709 жылы қаланып, салынған бекіністің кереметін көру үшін, жыл сайын 2 миллионға жуық турист барады. Кезінде айналасын жасыл желек қоршаса, қазір толассыз жауын-шашын әсерінен, бекініс айналасын қоршаған,, Ла-Манш өзенінің деңгейі көтеріліп барады.  

Виктор Дюкуломбье, турист:

- Мен мұнда жыл сайын келемін. Қызық, бұрын жаяу жетуіші едік, енді қайықпен қатынаудамыз. Бұл үйреншікті жағдай болмаса да, осы бір көріністің өзін тамашалаған қызық.  

Қолайсыз климаттың әсерінен үгітіліп, орны ғана қалған тарихи мекендер қаншама. Бұл көрікті орындар да жер бетінен бара бара жоғалып кетуіне ешкім кепілдік бермейді.