Америкалық әйел электр көлігімен әлемдік рекорд орнатты
«Атың бар да ел таны, желіп жүріп». 25 жастағы америкалық әйел жаһанды жай ғана шарламай, Гиннестің әлемдік рекордын орнатты.
Ол дүниежүзін электр көлігімен айналып өткен алғашқы адам. Жиһангез жарты жылдың ішінде бас-аяғы 27 елден өтіп, 30 мың шақырымды еңсерді. Ол Майамиден бастаған сапарын Францияның Ни́цца қаласында аяқтаған.
Лекси Елфорд, жиһангез:
- 6 айда әлемді электр көлігімен шарлаймын қатты шаршадым. Бірақ жеткен жетістігіме өте қуаныштымын. Мұндай атаққа ие болу - мен үшін үлкен мәртебе. Көрген қиындықтарым артта қалды. Қарлы таулардан, шөлді даладан өттіп, ыстық-суықты бірдей көрдім.