Түркияда муниципалды сайлау өтеді
Түркияда жергілікті әкімдерді сайлау күні. Саяси додада 34 партия бақ сынасады.
Халық 30 ірі қала, 51 провинция, 973 аудан және 50 мыңнан астам ауыл әкімдерін таңдайды. Елде 61 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Олардың 26%-ы зейнеткер. Елде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сарапшылар басты бәсеке Ыстамбұл мен Анкарада жүреді деп пайымдап отыр.
Мехмет Құл, зейнеткер:
- Біз Мұрат Құрымды қолдап дауыс береміз. Оның өте қабілетті саясаткер екенін және министр болған кезде көп іс атқарғанын білеміз. Президентіміздің де таңдауы Мұрат Құрым. Президент таңдауы біздің таңдауымыз.
Небие Ерчан, зейнеткер:
- Мен әрине Экрем Имамоглұның жеңіске жеткенін қалаймын. Жеке өзім соған дауыс беремін. Олардың арасында көзі ашығы сол. Адамгершілігі жоғары. Ол ел үшін көп еңбек сіңірді.