Түркияның оңтүстік-шығысында жаппай тәртіпсіздік орнады
Түркия қалаларында оппозиция кандидатының сайлаудан шеттетілуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік орнады.
Елдің оңтүстік- шығысында орналасқан Ван өңіріндегі наразылық, Хаккари, Сиирт, Батман, Шырнак пен Измир қалаларында жалғасты. Шерушілер күрдтерді қолдайтын «Теңдік және демократия партиясынан» (DЕМ) Ван мэріне кандидат Абдуллах Зейданды қолдап, наразылық шерулерін бастады. Оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 89 адам қамауға алынды. Ереуілшілер жоғарғы сайлау кеңесінен муниципалдық сайлауда жеңіске жеткен Ван мэріне үміткер Абдулхат Арвастың мандатын мақұлдауын талап етіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Түркияда республика азаматтары жергілікті басқару органдарының басшыларын сайлаған болатын.
Өзгүр Өзел, Республикалық халық партиясының жетекшісі:
- Үміткер уақытында өтініш беріп, апелляциялық құжатты алды, тыйым салынған құқықтарды қайтару мәселесі шешілді, айлап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жұма күні кешкі сағат 16:55-те Диярбакырдан шыққан шешімді өтінішпен жою Ван халқының еркіне немқұрайлылық танытып, оларға тұтқиылдан шабуыл жасау болып есептеледі.