Су тасқыны Қытайда да дамыл бермей тұр
Қытайдың бірнеше провинциясын су басты. Әсіресе елдің шығысындағы Цзянси аймағында жағдай қиын.
Төпелеп жауған жаңбырдан Нань-фэн округіндегі егіс алқаптарын су шайып кетті. Өзендер тасып, көліктер тоқтады. Жұрт үйлерін тастап қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Бірқатар елді мекен мен Фуч-жоу қаласын су басып, жүздеген адам оқшауланып қалған. Құтқарушылар қала тұрғындарын қайықпен қатынап, құтқарып жатыр. Ал таулы жерлерде сел жүріп, кей жолдар жабылған.
Тағы бірнеше провинцияда бұршақ аралас жаңбыр жауып, қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды.