Чикагода атыстан бір адам қаза тапты

Чикагода атыстан бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Чикаго қаласында белгісіз біреу көшеде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырды.

Салдарынан бір азамат көз жұмып, тағы он кісі жарақат алды. Олардың төртеуі бала. Атыстан зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізілген. Ал 18 рет оқ атқан қылмыскер оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір ол іздестіріліп жатыр.