Ресейде су тасқыны толастамай тұр
Ресейде су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі.
Қорған облысында Тобыл өзенінің деңгейі шамамен 6 метрге жеткен. Салдарынан 3 ауданда 800 үй мен аумақты су басты. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқынға тосқауыл қою үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ұзындығы 2 шақырым болатын бөгет тұрғызып, жағалауды барынша нығайтып жатыр. Орынбор облысында да тасқынға байланысты жергілікті халық жаппай эвакуацияланды. Осы уақытқа дейін су басқан аймақтардан 16,5 мыңнан аса тұрғын көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы бала. Ресми мәлімет бойынша бүкіл облыс бойынша 14 мың үйді су басқан.