Пәкістанда тасқын жүрді
Пәкістанның оңтүстік-батысын топан су басты.
Одан әсіресе Белуджистан провинциясы көп зардап шегіп жатыр. Жүздеген үй қирап, 36 опат болды. Дені – фермерлер. Табиғи апатқа байланысты аймақта төтенше жағдай режимі жарияланған. Жапа шеккен азаматтар қазір жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Синоптиктердің айтуынша, өңірдегі ахуал алдағы күндері күрделене түсуі мүмкін. Себебі бір апта бойы жаңбыр жауады деген болжам бар.
Салех Мұхаммед, жергілікті тұрғын:
- Өңірдегі ахуал өте ауыр. Ішер асымыз, қажетті дәрі-дәрмегіміз жоқ. Тасқын кесірінен ауруханаға да жете алмай отырмыз. Себебі жолдарды су шайып кеткен.
Тасқыннан 12 адам опат болды
Оманның Солтүстік Эш-Шаркия провинциясында өмір сүріп жатқан тұрғындар да тасқын зардабын тартып жатыр. Табиғи апаттан 12 адам көз жұмып, 5 азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Жүздеген ғимарат бүлініп, ондаған көлікті су шайып кеткен. Мектептер мен кеңселер жабық тұр. Әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр.