АҚШ-та шаруалар егіс алқаптарын қалыпқа келтіріп жатыр

АҚШ-тың Вермонт штатындағы шаруалар былтыр жазда су тасқыны кезінде бүлінген

егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Су тасқыны кесірінен, пияздан бастап, құлпынайға дейін көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрін өсіріп, күнелтіп отырған шаруалар мол шығына батқан еді. Арнайы көмек қорларынан, 31 фермерге 32 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Алайда фермерлер бұл барлық шығынның орнын толтыруға жеткіліксіз дейді. Өйткені, алқаптың біраз жері жарамсыз болып қалған.