Араб Әмірліктерінде топан судан 20 адам қаза тапты
Біріккен Араб Әмірлігінде толассыз жауған жауын салдарынан 1 тәулік ішінде 20-дан астам адам көз жұмды.
Басым бөлігі Оман қаласының тұрғындары. Ал Дубайда жүздеген әуе рейсі тоқтатылды. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде мұндай нөсер кейінгі 75 жылда 1949 жылдан бері болмаған. Мұншалықты көл-көсір судың жиналуына қалада дренажды қондырғылардың жоқтығы себеп болып отыр. Әмірліктерде жауын-шашын өте сирек жауатындықтан, суағар жүйе қарастырылмаған. Тіпті бұл ел кейінгі 3-4 жылда жасанды жолмен жаңбыр шақыру технологиясын қолданып отыр.