Қорған облысындағы 37 елді мекенде ахуал күрделі
Ресейдің Қорған облысында су тасқыны қаупі сейілер емес, деп хабарлайды 24KZ.
Тобыл өзеніндегі су деңгейі 10 метрге жетті. Сарапшылар кейінгі 30 жылда мұндай көрсеткіш тіркелмеген айтады. 25 сәуірге дейін су деңгейі тағы көтеріледі деген болжам бар. Сондықтан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары күшейтілді. Соңғы ақпар бойынша қауіпті аймақтан 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазір облыстағы 37 елді мекенде ахуал күрделі. 2 мыңнан астам тұрғын үй мен 3 мыңнан астам саяжай су астында қалды. Көршілес Түмен облысында да өзен тасып жатыр. Елде жаппай эвакуация жарияланған.