Қытайда су тасқыны қаупі сейілер емес
Қытайдың Гуандун провинциясы 1 аптадан бері тасқынмен арпалысып жатыр.
Үйлері су астында қалған 110 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. 10 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Жалпы мұндай алапат су тасқыны кейінгі 50 жылда болмаған. Қытайлық сарапшылар Гуандундағы Бэй өзеніндегі су деңгейі 100 жылда бір рет көтерілетінін айтады.
Хуан Цжинжрон, тұрғын:
- Өзімнің шағын шаруа қожалығым бар еді. Биыл тасқын жүріп егіндік алқабымның бәрін су шайып кетті. Енді не істейтінімді білмеймін.
Су тасқынынан 180 адам эвакуацияланды
Ал Кениядағы су тасқыны салдарынан кейінгі бірнеше күнде 38 адам көз жұмды. 11 мыңдай тұрғын қатты зардап шекті. Әзірге соның 180-і ғана қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктер алдағы аптада жауын-шашын күшейетінін ескертті. Елдімекендерге су басу қаупі туралы ескерту жасалып, тұрғындарға дереу көшу ұсынылды.
Кэролайн Вамбуи, тұрғын:
- Қолымызға не түсті, соны ілдік те дереу үйден кетуге тура келді. Келесі аптада мектептер ашылады дейді. Ал оған балаларымыз дайын емес. Киім-кешектері мен оқулықтары бұрынғы үйімізде қалды.