Әлемде 280 млн адам тойып тамақ ішпейді
Әлемнің 59 елінде 280 миллион адам тойып тамақ ішпейді.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 24 миллионға көп. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі 8 жылда 36 мемлекет аштық зардабын тартып келеді. Сарапшылар азық-түлік дағдарысын жер жаһандағы климаттың өзгерісі және қарулы қақтығыстармен байланыстырады. Осы себептерден көп елдің ауылшаруашылығы құлдырап, халық зардап шегіп жатыр.