АҚШ-та көлікке қатысты жаңа заң шықты
АҚШ-та 5 жылдан кейін жаңа көліктерде автоматты тежегіш болуы міндеттеледі.
Бұл жолдағы қауіпсіздік үшін жасалып отыр. Осының арқасында жылына 362 адамның өмірін сақтап, жол апатынан болатын түрлі ауыр жарақаттардың алдын алуға болады, дейді елдің көлік министрі. Кейінгі жылдары АҚШ-та жол апаты жиілеп кеткен. Мәселен, 2019 жылдан бері 2 миллионнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.