Польшада «Орталық Азиядан келгендер арасындағы нетворкинг» алғашқы жиыны өтті
Польшаның Краков қаласында «Орталық Азиядан келгендер арасындағы нетворкинг» тақырыбында алғашқы жиын өтті.
Мақсаты поляк елінде жұмыс істеп, оқып және бизнес жасап жатқан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының басын қосу, өзара пікір және тәжірибе алмасу. Іс-шараға бас-аяғы 120 белсенді қатысқан. Ұйымдастырушылар әсіресе жастарға ерекше назар аударылғанын айтады. Олар осы алаңда өз стартаптарын таныстырып, бизнес-серіктестер тауып, ісін ілгерілете алады.
Әлия Аппасова, ұйымдастырушы:
"Осындай іс-шара бізге ауадай қажет деп ойлаймын, өйткені ол адамдарды біріктіреді. Бұл жастарға да, үлкендерге де өте керек жоба. Бүгін соған көзіміз жетті. Жылына бірнеше рет бас қосамыз деген шешімге келдік."