Кенияда су тасқыны құрбандарының саны 71 адамға жетті
Кенияда тасқын құрбандарының саны 71 адамға жетті.
Іздеу-құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. Сондықтан билік табиғи апаттан көз жұмғандар қатары өсуі мүмкін деп ескертті. Биыл Кенияға қиын соғып жатыр. Өткен айда жауын-шашын мен тасқын салдарынан 140 кісі опат болған еді. 200 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылған. Су шайып кеткен тас жолдардың көбі әлі қалпына келтірілген жоқ. Теміржол қатынасы да тоқтаған.