Ауғанстанда табиғи апаттан 50 адам опат болды

Ауғанстанның солтүстігінде қатты нөсерден соң Бағлан аймағын су басты.

Табиғи апаттан 50 адам опат болып, тағы жүздеген кісі зардап шекті. Жергілікті биліктің сөзінше, тасқын құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. 5 елді мекенде 150 адамға жедел көмек қажет. Қазір бұл аудандарға құтқару бригадасы мен тікұшақтар жөнелтілді.