Су тасқыны. 40-қа жуық адам қаза болды
Индонезияның Суматра аралында толассыз жауын жауып, арты алапат тасқынға ұласты.
Соның салдарынан, 37 адам опат болып, тағы ондаған адам ауыр жарақат алды. Әсіресе Агам, Кандуанг, Сунгайпуа және Ивкото аудандарында ахуал күрделі.
Кандуангта 90 нысан жермен жексен болды. Ал, Ивкото ауданында 20-дан астам мектеп пен дүкендерге зақым келді. Аймақтан бір күнде 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді.