Газа секторында БҰҰ қызметкері қаза тапты

Газа секторында белгісіз біреулер көлік ішіндегі БҰҰ қызметкерлеріне шабуыл жасады.

Құрылым қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам жарақат алған. Ұйым өкілдері дереу Рафах қаласы маңындағы емдеу мекемесіне жеткізілді. Әзірге шабуылды кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш марқұмның отбасына көңіл айтып, шұғыл тергеу жүргізуді тапсырды. Бұған дейін бас хатшы қақтығыс басталғалы аймақта БҰҰ-ның 190-нан астам қызметкері қаза тапқанын айтқан еді.