Мұнайлы қаланың маңы өртеніп жатыр

Канаданың Альберта провинциясында алапат өрт болып жатыр. 

Тілсіз жау мұнай зауыттары орналасқан Форт МакМюррей қаласына жақындады.

Бұл жерде күніне 1 млн баррельге дейін «қара алтын» өндіреді. Кеше түнде бірнеше сағат бойы жаңбыр жауып, оттың қарқыны сәл бәсеңдеген. Бірақ өрт сөндірушілер босаңсуға болмайды дейді. Билік табиғи апат аумағындағы 4 ауданның 7 мыңға жуық тұрғынына тез арада қауіпсіз жаққа көшу туралы нұсқау берді.

Колин Гилдер, жергілікті тұрғын:
- Бізге негізі көшу туралы арнайы нұсқау берілген жоқ. Неге екенін білмеймін, бізге ондай хабар жетпеді. Бірақ қауіп күшейген соң өзіміз жылдам көшіп кеттік. Қажет нәрсеміздің бәрін алып үлгермедік. Біздің аймақта үлкен бір қонақ үй өртеніп жатыр. Материалдық шығын көп.