Ауғанстанда тағы тасқын жүрді

Ауғанстанда тағы да су тасқыны жүріп, бірден 50 адам опат болды.

Ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел билігі құрбандар қатары өсуі мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені жолдар жабылып, біраз аймақпен байланыс үзіліп қалған. Гор провинциясында жүздеген гектар егіс алқабын су шайып, мыңдаған бас мал қырылды. Табиғи апатпен күрес жөніндегі департамент төтенше жағдай жариялап, жауын-шашын әлі түсуі мүмкін екенін ескертіп жатыр.

Жалпы ауған елі мамырдың басынан бері су тасқынынан зардап шегіп жатыр, осы айда көз жұмғандар саны 300-ден асады. 700 мыңға жуық тұрғын баспанасынан айырылған.