Қытайда тасқын ырық берер емес

Қытайдың Гуаньси провинциясын су басып жатыр.

Аймақта 1 күннің ішінде 60 сантиметр мөлшерінде жауын-шашын түскен. Наньнин қаласында көшелер мен үйлерді су шайды. Табиғи апатқа байланысты теміржол қозғалысы тоқтатылған. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Метеорологтар жаңбыр тағы жауады деп ескертіп отыр. Өңірдің солтүстігі мен шығысындағы өзендердің деңгейі 8 метрге дейін көтерілуі мүмкін.